ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ БИ ТЕАТРЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Мемлекеттік академиялық би театрының директоры қызметіне Таир Нұрланұлы Қаратаев тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырды.

Таир Нұрланұлы Қаратаев 1996-2007 жылдары К.Байсейітова атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған арнайы музыка мектебін виолончель сыныбын, 2007-2011 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «аспапта орындаушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан Камератасы» оркестрінің артисі қызметінен бастады.

Ал, 2015-2016 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің артисі қызметіне қабылданып, одан кейін оркестр инспекторы, 2016-2018 жылы гастрольдік-концерт қызметінің жетекшісі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы директорының орынбасары, 2018-2019 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы директоры болды. 2021 жылдың ақпан айынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының директоры қызметін атқарған.

Таир Нұрланұлының жаңа қызметіне табыс, оң бастамалары мен ұжымдағы шығармашылыққа биік белестер тілейміз!