Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының жұмысымен танысты.
Театр директоры Болат Аюханов пен сахна бөлімінің меңгерушісі Гульфида Гафурова театрдың тыныс-тіршілігі, театр қызметінің даму мәселелері мен алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.
Кездесуге қатысқан театр қызметкерлері сауалдары мен өз өтініштерін жеткізді. Осы орайда, Дәурен Әскербекұлы өтініш-тілектердің шешімін табатындығына сенімін білдірді. Сөз соңында кездесудің жемісті болғанын және алдағы уақытта театр ұжыма қолдау көрсететінін айтты.