Болат Аюханов балеті Өскемендік көрермен қауымның жүрегін баурап алды

БОЛАТ АЮХАНОВ БАЛЕТІ гастрольдік сапарын Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында жалғастырды.

         4 маусым Болат Аюханов театры  Ертіс концерт сахнасында  өнердің биік шыңын талғамы биік көрермен назарына көрсетіп, көпшілік қауымның көзайымына айналып, тамаша көңіл-күй сыйлады. Көрерменге ұсынылған балеттер мен хореографиялық композициялар өз стилистикасымен, хореографиялық суретімен және пластикасымен ерекшеленіп, өнер әлеміне елітіп әкетті.

         Соның бірі - екі ғасыр бойы әлемді мойындатқан Петр Ильич Чайковскийдің   «Аққу көлі» төрт актілі балеті. Басты рөлдерді театрдың жетекші әртісі Айнұр Мұқашева, балет солистері Айя Мелис, Асхат Тарих және Шәкен Алан сомдады.

        П.И.Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті театр репертуарында он жылдан астам уақыт болып, жұртшылықтың көңіліңен шығып, ыстық ықыласына бөленіп жүр.

      Сондай - ақ, кеш бағдарламасында Болат Аюхановтың қойылымындағы М.Равельдің музыкасына жазылған ең алғашқы, ең танымал және жарқын спектакльдердің бірі - "Болеро" балеті ұсынылды.

     Болат Аюханов өзінің "Сезім өмірбаяны" («Биография чувств») атты кітабында:"Равельдің" Болеросында "салқын әуен, көзге көрінетін испандық келбет, музыкалық серияның академиялық құрылысының қатаңдығы хореограф ретінде маған музыкаға тең келетін хореографиялық пластиканы сынап көруге мүмкіндік берді”-деп жазған.

Гастрольдік сапар Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті.