Жаңа кезеңге – жаңа реформалармен!

Жаңа кезеңге – жаңа реформалармен!

       Қаңтар айының басында Қазақстан тап болған оқиғалар еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігіне  қауіп төндірген күрделі кезең болды. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнап үндеу жасады. Екі ай ішінде халықтың тұрмысын жақсартуға арналған әлеуметтік бағдарлама дайындауға үкіметке арнайы тапсырма берді.

       Осы кезеңде Президенттің тиімді шешімдер қабылдап, жағдайды тұрақтандыра алғанының куәсі болдық.                 
       Ел бірлігіне сызат түспей, халқының амандығы үшін қандай да бір батыл шешім қабылдай білетін Мемлекет басшысын – Президентіміз Қ.Тоқаевты біз Мемлекеттік академиялық би театрының ұжымы әркез қолдаймыз.

       Жаңа Қазақстанның дамуына әр азаматтың үлес қосуы маңызды екеніне еш күмәнданбаймыз. Оның жасампаз бастамалары мен елдің көңілінен шығатын шешімдері бізге рух беріп, қанаттандырады.