Бүгін - Ақтоты Райымқұлованың туған күні

 

Құрметті Ақтоты Рахметоллақызы!

Сізді Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі, еліміздің барша мәдениет, спорт, туризм саласы қызметкерлерінің атынан туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз Тәуелсіз Мемлекетіміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген дарынды композитор, білікті басшысыз. Бірқатар лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, ел руханиятын байытуға атсалысып келесіз. Зерделі зерттеуші ретінде көптеген ғылыми еңбекпен қатар «Дала сыры», «Толғау», «Ел бақыты» жəне тағы басқа туындыларыңызбен танылдыңыз. Халық арасында кеңінен танылған «Анажан» жəне өзге де əндер Сіздің өңдеуіңізден соң, өзгеше бояуымен талғампаз тыңдарманның жоғары бағасына ие болды.

Алдағы уақытта да Тəуелсіз Қазақстанның жандануы жолындағы қызметіңіз жемісті болсын!

Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, шығармашылық шабыт, қызметте табыс, отбасыңызға амандық тілейміз!