Дәурен Абаев жұмыс сапарымен Болат Аюхановтың би театрына келді

         Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының жұмысымен танысты.
        Театр директоры Болат Аюханов пен сахна бөлімінің меңгерушісі Гульфида Гафурова театрдың тыныс-тіршілігі, театр қызметінің даму мәселелері мен алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.
        Кездесуге қатысқан театр қызметкерлері сауалдары мен өз өтініштерін жеткізді. Осы орайда, Дәурен Әскербекұлы өтініш-тілектердің шешімін табатындығына сенімін білдірді. Сөз соңында кездесудің жемісті болғанын және алдағы уақытта театр ұжыма қолдау көрсететінін айтты.