Қасым-Жомарт Тоқаев Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Мемлекет басшысына жаңғырту жұмыстарынан кейін бас ғимараттың көлемі 10 мың шаршы метрге ұлғайып, 38 мың шаршы метрге жуықтағаны жөнінде баяндалды.
Соның нәтижесінде жаңа арнаулы аудиториялар ашуға мүмкіндік туды. Ауқымды іс-шаралар өткізетін 1100 орындық үлкен концерт залы пайдалануға беріледі.
Бұдан бөлек, оқу корпусында академиялық музыкаға арналған камералық зал, дайындық студиялары, студенттер мен өзге де суретшілердің туындылары қойылатын көрме галереялары бар.