Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларының 4-тармағына сәйкес, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығы, бұдан әрі – Қағидалар) аккредиттеуді жүзеге асыру мерзімі туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде жарияланғаннан кейін мемлекеттік органдар жыл сайын I (бірінші) тоқсанда жүзеге асырады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу өтініштер мен құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші электрондық нысанда электрондық мекенжайға k.kense@mki.gov.kz:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
3) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 12 ақпаннан 25 ақпанға дейін жүзеге асырылады.
Аккредиттеу туралы қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: + 7 (7172) 74-05-80, + 7 (7172) 74-04-84.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/936916